Басты жаңалықтарСаясат

Путин биліктен кетпей Ресей мен АҚШ арасы жақсармайды

Владимир Путин биліктен кетпей Ресей мен АҚШ арасы жақсармайды.  Бұл туралы американдық «Мұра» қоры жанындағы Сыртқы саясат орталығының директоры Люк Коффи мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға жасаған ресми сапары жайында пікір білдірген шетелдік сарапшының айтуынша, 1999 жылы билікке келгелі бері Путин АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ешқандай қадам жасамаған.

-Мәскеуде Владимир Путин басшылықта отырған кезде Ақ үй мен Кремльдің арасының жақсаратынына сенбеймін, дейді Люк Коффи.

Америкалық сарапшы Қазақстанның соңғы жылдары  араздасқан елге арағайындық жасап, дипломатиялық бастамалар көтеріп жүргенін жиі байқайтынын айтады. Әсіресе, Астана келіссөздерінің нәтижесін тілге тиек етіп отыр.  Дегенмен, АҚШ пен Ресей арасын жақындату оңайға түспейді, дейді ол.

-Ел басқарғанына бір жыл толар-толмастан Д.Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевпен  ресми кездесуі екі ел арасындағы байланыстың биік деңгейге көтерілетінін, ұзаққа созылатынын көрсетеді. Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Ресми Вашингтон Қазақ елінің өңірдегі көрші мемлекеттермен жақсы қарым-қатынаста болатынына сенімді. Дегенмен, Қазақстан үшін Ресей мен АҚШ арасында қатынасты өзгерту оңай емес.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Америкаға ресми сапармен келіп, Дональд Трамппен кездескен Қазақстан Президенті  Солтүстік Кореядағы ахуал, ядролық қарусыздандыруды шешуді көтерген болатын. Алайда бұл мәселеге келгенде Ресей, АҚШ, Қытайдың ұстанымы «аққу , шортан, һәм шаянның» күйін кешуде. Қазақстан Президенті әсіресе Ақ үй мен Кремльдің арасындағы салқындыққа алаңдайтынын жеткізген болатын.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button