Басты жаңалықтарҚоғам

Экс-шенеуніктің баласы 15 қабаттан секіріп кетті

Президент әкімшілігінің басшысы болған Аслан Мусиннің ұлы Асылбек  Мусин Латвияда терезеден секіріп, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі де растады.

Экс-шенеуніктің баласының қазасы жайлы қаралы хабарды  Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев хабарлаған.

«Өлімнің себебі сараптамадан кейін ғана белгілі болмақ. Полиция оның өзіне өзі қол салған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», — деп жазған Талғат Қалиев

(суретте Аслан Мусин)

Еске салайық, Аслан Мусин 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Ал 2014 жылдан  2017 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болды. Бірақ зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.

Басқа материалдар

Back to top button