Қоғам

Елорданы елес кезіп жүр

«Елорданы елес кезіп жүр» деп хабарлайды Евразия бірінші телеарнасы

АЙДАНА ҮСЕНБАЙ, ТІЛШІ: «Халық арасында «Свечки» аталып кеткен «Ай жебе» тұрғын үй кешені. Бұрын-соңды мұнда зират болған деседі.Осы себепті кей жұрт үйлерінде түсініксіз, яғни мистикалық құбылыстардың болатындығын жиі айтады. Алайда бұл қаншалықты рас? Анықтап көрейік».

-Біз осы жерден пәтер сатып алайын деп едік. Мұнда елестің бары рас па?

«Қайдағыны айтасыз сіз де. Жоқ, әрине».

Қойылған сұраққа күле қарағандар көп болды. Енді бірі бізді тіпті елеген де жоқ. Елестің бар-жоғын әр тұрғынның күнделікті әрекетін мүлтіксіз бақылап отыратын ауладағы әжелерден де сұрадық. Қайыр болмаған соң, естігеніміз расымен де аңыз екеніне иланып, қайтуға бел будық. Кенет…..Бізді ауладан көріп қалған тұрғындардың бірі үй ішіндегі түсініксіз дыбыстарға құлақтары үйреніп кеткендігін айтты. Дәл осы үйде 7 жылдан бері тұрып жатқан Нұрсапа Ноғайбектің сөзінше у-шу әсіресе түнде өрши түседі.

НҰРСАПА НОҒАЙБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

« Бір айқай-шу сондай бірдеңелер бар. Көз байланар кезде әсіресе біреу шыңғырып, ащы дауыс, ағаш ұрып жатқандай болады. Басында қорқатынбыз.Сосын айтты біреулер мұнда бұрын зират болған деп. Жын бар деп».

Бұл қаншалықты шындыққа саяды. Анықтамақ болып дәл осы жерге көріпкелді алып келдік.

-Вы чувствуете негатив?

-Очень плохой негатив, плохая энергетика….

Оның айтуынша осында азаптанып я қиналып өлген адамдардың жаны бар көрінеді.

НАТАЛЬЯ, КӨРІПКЕЛ: «Үйді өз ажалымен емес, өзгенің қолынан қаза тауып өлім құшқан адамдардың рухы кезіп жүр.Олардың жаны тыныштық таба алар емес. Осы себепті бұл жерде адам санасына сыймайтын құбылыстар көп болады. Ол адамды суицидке дейін апаруы мүмкін. Негізі бұл жер үй салуға мүлдем келмейді».

Расыменде, «Свечки» тұрғын үй кешенінің тура зираттың үстіне салынғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. XIX ғасырда дәл осы жерде орыс моласы болды. Алайда 1973 жылы өңір билігі қабірлерді қайта қазып, қаладағы көшелердің біріне көшірді. Ал, шариғат бойынша зираттың үстіне үй салу қаншалықты дұрыс?

АСҚАР МҰҚАНОВ , «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

«Ислам шариғатында егер қажеттілік туындаса, жалпы халық үшін қоғам үшін. Бұрынғы ескі зираттар рұқсат деп айтқан».

Демек, мұсылмандық талапқа сай,құрылысқа рұқсат бар. Тек сүйегі шіріп кеткен жағдайда. Десе де, бірнеше жыл бұрын осы маңда жол салған жұмысшылар тағы төрт табытты тауып алмап па еді?

« Здесь еще остались останки человека»

Астанада аты аңызға айналған тағы бір кешен «Байқоңыр». Тұрғын үй моланың үстінде деседі. Нысан салынғалы бірнеше адам балконнан секіріп кетті. Мистикалық құбылыс жөніндегі әңгіме «Москва» тұрғын үйінің төңірегінде де өріп жүр. 2008 жылы мұнда белгілі театр актрисасының биіктен құлап бақилық болғанын ел біледі .

«Ия естігенмін лифтің шахтасында адам өлген».

Тағы бір жылы 40-қа жуық тұрғын тірідей жанып кете жаздады.

« Да свое время пожар был, еще девушка упала..»

Көз көргендердің айтуынша мұнда бұрын қалалық аурухананың кірін жуатын орын мен қалалық монша болған.

«В эту сторону вообще не надо ходить».

АЙДАНА ҮСЕНБАЙ, ТІЛШІ:

«Жалпы әлемде мистикалық жерлер жетеді. Өйткені, біз расыменде бір күштің барын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, психотерапевттердің айтуынша, адам көп жағдайда қорқынышты өздері ойлап табады. Ал қорыққан адамға қос көрінетінін ұмытпаңыз».

Басқа материалдар

Back to top button