Басты жаңалықтарМәдениет

Аты дауға қалған Төреғали Төреәлі сотталуы мүмкін бе?

Ұятқа қалған «Ұлы дала баласына» қатысты арнамызға тың деректер келіп түсті. Біздің редакцияға жолданған бейнежазбада әншінің қарияны жекпе-жекке шақырғандығы айқын көрінеді. Оқиға дәл сол күні кеште болған. Өзінің 25 жасын атап өту үшін бүкіл Қазақстанды гастрольдік сапармен аралаймын деп, басы үлкен дауға іліккен әншіге қатысты жұрт түрлі пікір айтуда. Бірі жақтаса, ендігі бірі даттайды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көрерменнің жағында екендігін мәлімдеді.  «Евразия» телеарнасы жариялады.

 

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде желдей ескен Төреғали қарияға шамасы жететіндігін білдіріп, жекпе-жекке шақырған.

Әлеуметтік желі, ақпарат құралдарында жаппай жария болған видеоға қатысты қазір түрлі пікірлер тарауда. Көбісі даттап, әншіге «өркөкірек» деген тәрізді теңеулер жазуда.

Бораш Муталипов: «Бірақ сəтте абырой-беделден жұрдай болды! Өр көкіректік жарға жығады!»

Ерлібай Өзбекбайұлы: «Төреғалидың киелі сахнадағы «сандырағы» мен одан кейінгі «кешірімі» естір құлаққа ерсі сөздерімен тұрпайыланып тұр. Өз басым, бұл баланың бойында өркөкіректік басым ба деген ойға келдім».

Ал заңгерлер болса, жәбірленуші жақ Төреғали Төреәлінің үстінен шағым түсіруге құқылы екенідігін айтады. Өйткені, оның ақсақалды концерттен қуып шығуға қақысы жоқ.

ЕРКЕБҰЛАН АЛПЫСБЕКОВ, ЗАҢГЕР:«Егер үстінен шағым-арыз түсіретін болса, қылмыстық жауапқа әнші тартылады. Тергеу амалдарының барысында егер тараптар татуласатын босла, 68 бап аясында іс қысқартылады».

Дегенмен, әншінің өрескел қылықтарын жақтайтын әріптестері де табылуда. Олардың айтуларынша, өнер адамдары бар жерде мұндай жайттар жиі кездеседі. Тіпті правокация болуы да әбден мүмкін.

ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ, ӘНШІ, ПРОДЮСЕР

БҮРКІТ, ӘНШІ: «Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен , адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы».

Ал отандық радионың бірі әншінің әндерін эфирден алып тастады.

«OrdaFM» радиосының жетекшісі ретінде, желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң, радио ұжымы болып, әншінің барлық әндерін эфирден алып тастау туралы шешім қабылдағанымызды хабарлаймын!»

Демалыс күндері елдің назары жалғыз өзіне ауғанын білген әнші көп ұзамай кешірім сұрады.

Павлодар билігі болса, Төреғали Төрәлі үшін облыстағы бірқатар есік жабылғандығын хабарлады. Енді оның жуық арада бұл шаһарда кеш өткізуі бұлыңғырлау. Ал ай басында ғана әншіні «Нұр Отанға» қабылдаған партия оны қатарынан шығара ма ол жағы беймәлім.  Дегенмен арнамыздан арнайы хат жолданды. Оның жауабымен бірер күнде бөлісетін боламыз.

 

Басқа материалдар

Back to top button