Қуаты ұзақ уақытқа жететін смартфондар рейтингі жарияланды

Ең ұзақ пайдалануға болатын смартфондар арасында  Samsung Galaxy S8 Active көш бастайды. Оның  қуаты 11 сағатқа жуық уақытқа жетеді.
Мұндай қорытындыны PhoneArena ресурсы 2017 жылғы негізгі гаджеттерді тестілеуден өткізген соң жасаған.  Бұл туралы baribar.kz жариялады.
Екінші орынды 10 сағат 35 минут көрсеткішпен iPhone 8 Plus иеленді, ал үздік үштіктің қатарынан 9 сағат 34 минут көрсеткішпен LG V30 смартфоны көрінді.
Басылымның хабарлауынша, тестілеу гаджеттердің күнделікті пайдалануына бейімделген арнайы әдістеменің көмегімен жүргізілген. Осылайша, құрылғылардың шынайы энергия тұтыну көрсеткіштері анықталды.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*