Жамбыл облысында жас баланы зорлаған наиб-имам ба?

Тұрғындардың айтуынша, күдікті мешітте наиб-имам болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Экспресс К.

2013 жылы туған баланы 1 жыл бойы зорлап келген күдікті қолға түсті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 30 жастағы ер адам мешітте наиб-имам болып жұмыс істейді екен.

Азғындық жасаған адамның қылмысын жәбірленушінің туыстары кездейсоқ анықтапты. Баланың денсаулығы сыр беріп, оны дәрігерге апарғанда оның зорланғанын білген. Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гулсара Мұхтарқұлованың айтуынша, күдікті уақытша ұстау қапасына қамалған.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды,— деді Гулсара Мұхтарқұлова.

Экспресс К тілшісі аталған мәселеге қатысты Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевке хабарласты. Оның айтуынша, жас балаға зорлық жасаған жігіттің мешітке ешқандай қатысы жоқ.

Оның мешітке ешқандай қатысы жоқ. Мешіт болғаннан кейін мешітке ұры да келеді, қары да, бай да, кедей де келеді. Мешітті жұмыс істейді деу үшін оның қолында бұйрығы болуы керек. Бізде имамды, наиб-имамды, азаншының барлығын мүфтият тағайындайды, — деді Бейбіт Мырзагелдиев.

Бір пікір

  1. Пожалуй, так и есть. Если кто еще не знает, то проще простого можно скачать песню из видео по ссылке https://getof.net/ . Просто скопируйте ее и вставьте в поле на сайте для скачивания.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*