Елордада балақайды құтқарған адамның кім екені белгілі болды

 

Бүгін Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап кете жаздаған кішкентай қызды құтқарған ер адамның видеосы тарап, көпшілікті сүйсіндірді.

Бір адамның өмірін аман алып қалған «қаһарманның» кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.

3 жасар қызды Сәбит Шонтақбаев есімді 36 жастағы жігіт құтқарып қалған. Ол елордаға Қызылордадан жұмыс үшін келген.

Құрылыста жұмыс істеймін, қарапайым жұмысшымын. Менің 4 ұлым және 3 қызым бар. Олар Қызылордада тұрады. Соларды асырап-тәрбилеу қажет, сондықтан елордаға келдім. Мұнда баспана жалдап тұрамын, — дейді жігіт.

Оның айтуынша, терезеде ілініп тұрған баланы көргенде, ештеңе ойламастан бірден құтқаруға тырысқан. Сәбит өзінің шапшаң әрі епті болуын кезінде шекарашы болып істеген қызметімен байланыстырады.

 

Фото/видео: Ашық дереккөз

Бір пікір

  1. Мерси, буду пробовать. По дому уже все сделали, и забор поставили, остались только кованые ворота и калитка , и все будем празновать новоселье!

Жауап жазу Илья Қайтып алу

email адресіңіз жарияланбайды *

*