Ата заңға өзгеріс енгізуге қатысты республикалық референдум өткізуді ұсынамын — Президент

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл — қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы референдум маңызды демократиялық институт екенін баса айтты.

«Алайда, Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде де өткізілген еді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Фото: Ашық дереккөз

 

 

Бір пікір

  1. pin up casino официальный

    Много нового, спасибо.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*