АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамОралӨҢІРЛЕР

Әуежайдағы сөз жұртты неге шошытты?

Оралда  бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуге жабылған әуежай ашылып, оған Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Жуырда салтанатты түрде ашылған нысанның ішіне жазылған батыр қыздың сөздері әлеуметтік желіде талқыға түсті.

Желі қолданушыларының бір жартысы ұшақта отырарда «…Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және Сіз үшін!»  деген сөздерді оқу жолаушыларға өте ауыр десе, кейбірі «ең бастысы әуежайдың ашылғанына, оған Мәншүктің есімі берілгеніне қуаныштымыз» деп бір-бірімен пікір жарыстыруда.

Пікір жазғандар арасында Орал өңіріндегі зиялы қауым, жергілікті билік өкілдері  де бар.  Тіпті, кейбір оқырмандар өз көзқарасын білдірген жергілікті тұрғындарды өлімтік аңдыған қарғаға теңеген.

Белгілі ақын, журналист Мұнайдар Балмолда батыр қыздың басқа да сөздері бар екенін алға тартты.

Айта кетейік, әуежай құрылысына қаржы бөлген «ҚПО б.в.» компаниясы. Жоба құны 6,6 млрд теңгеге шыққан. Халықаралық терминал арқылы жылына 600 мыңға дейін жолаушы өте алатын болады. Сондай-ақ Амстердам, Мәскеу, Киев, Ыстанбұл, Санкт-Петербург, Әбу-Даби, Атырау, Шымкент бағыттарында жаңадан рейстер ашу көзделген.

Басқа материалдар

Back to top button