Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Іле Алатауда не болып жатыр?

«Іле Алатау» ұлттық табиғи паркіне келушілер қатары жыл санап артып келеді. Өйткені, демалушыларға арнап қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда отыратын, тынығатын орындар, заманауи дәретханала салынып, қоқыс жинайтын орындар ашылған. Нәтижесінде тынығушылар қатары өткен жылдан бері 250 мыңға жеткен. Табиғи парктегі жаңа өзгерістер туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркі алматылықтардың сүйікті демалыс орны. Сондықтан келушілер қатары мұнда бір сиреген емес. Соңғы уақытта демалушыларға арналып жасалған қолайлы жағдай саяхатшылар қатарының еселеп артуына мүмкіндік берген. Осыған дейін паркке кіретін бекетте ұзын-сонар кезе болса, қазір автоматтандыру жүйесі енгізілген. Төлемақын қолма қол ақшасыз жүргізуге болады.

ДАМИР МАЛГЕЛДИЕВ, «ІЛЕ-АЛАТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: «Үлкен Алматы шатқалында келген демалушылар, туристер төлемақысын алыдын-ала, онлайн және кез келген банк картасымен төлеуге болады».

Ұлттық парктегің оң өзгесітер мұнымен шектелмейді. Өткен жылы «Визит орталығы» ашылған болатын. Ол жерде туристерге қауіпсіз бағыттар ұсынылуда. Бұл орталыққа 100 мың адам келсе, жалпы ұлттық паркке келішілер қатары 250 мыңнан асып жығылыпты. Себебі. қазір ас әзірлеуге арнайы рұқсаты беріліп, орын бөлінген. Демалушыларға жасалған қолайлы жағдайды саяхатшылар оң бағалауда.

ӘЛИЯ ТОҚТАҒАЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мына жақа баруға болады. Солармен тез-тез тауып алдық. Әжетханалар көріп қалдық. Отыратын беседкалар әрбір жерлерде бар. Шаршағанда сол жерге барып отырып, демалып шығасың төбесіне».

Ұлттық парктегі өзекті мәселенің бірі — қоқыс жинау болатын. Қазір паркпен қоқыс өңдеу зауыты мен келісім жасалған. Яғни, қоқыстар арнайы сұрыпталып, бірден зауытқа жеткізіледі. Одан бөлек, әжетханалар жайы да сан мәрте сынға ұшырағаны мәлім. Бұл бағытта да оң өзгерістер пайда болыпты.

ДАМИР МАЛГЕЛДИЕВ, «ІЛЕ-АЛАТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: «Өзекті шешімін күтіп тұрған мәселенің бірі — ол біздің дәретханалар. Бүгінгі кезде «Іле-Алатау» табиғи паркінде әлі де әрі қарай жұмыстар жүргізіліп жатыр. 4 дәретхана орнатылуда. Ол дәретхана арнайы жылы суымен, светі, шамы бәрі бар. Және мүгедектерге арнайы орын жасалған».

Жалпы, «Іле- Алатау» табиға паркінің аумағында 123 жеп пайдаланушы бар. Дәмхана, мейрамхана тағы басқа қызмет көрсету үшін берілген. Алайда өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындамаған. Жауапсыз 24 кәсәпкермен келісім-шарт бұзылған. Арасында ісі сотта қаралғандары да бар. Мәселен, мына дәмханаға сот шешімі шығып, 19 шілдеге дейін өз еркімен құрылысты бұзып алып кетуі тиіс. Орындалмаған жағдайда мәжбүрлеп сүрілетін болады.

СҰЛТАН ҚОЖАНОВ, «ІЛЕ-АЛАТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЗАҢГЕРІ: «Артымызда тұрған жаз алаңы, оған қоса кіші жаз алаңдары болған. Содан кейін оң жағымызда тұрған дәмханасы сот шешімі бойынша, біздің талап-арыз бойынша қанағаттандырылып, келісім-шартты бұзып, жерді ұлттық паркке қайтарып, және салынған құрылыстарды бұзуға шешім қабылданып, күшіне енді».

Қоғам белсенділерінің сынына ілікке ат қора мәселесі де шешімін тауыпты. Өткен ғасырдың 60 жылдары салынған ескі қораның орнына салынған жаңа ат қора заң талабына сай екен. Қазір кәсіпкерлердің бірі құрылысын аяқтап беруді келіскен. Бұл жерде қызметті аттар мен атты туризмді дамыту жоспарлануда. Осылайда Ұлттық перкте қолға алынған құңды өзгерістер демалушылар тарапынан оң бағасын алуда.

Басқа материалдар

Back to top button