Басты жаңалықтарДенсаулық

Министр Цой үндеу жасады

Алдағы мерекелік демалыстарда халықты барынша сақ болуға шақырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, коронавирус инфекциясымен күресте вакцинация ғана карантинге балама болатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, індетті жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Пандемия жалғасуда. Сондықтан әр адам қазіргі жағдайда жауапкершілікпен қарағаны жөн.

1 ақпаннан «Спутник V» екпесімен жаппай вакцинация басталды. Бірінші кезекте вирусты жұқтыру және тарату қаупі жоғары саладағы мамандар (медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері) қамтылуда.

Алексей Цойдың сөзінше, сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын, 65 жастан асқандар мен басқа да санаттағы азаматтарды вакцинациялау жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button