Басты жаңалықтарҚоғамЭкономика

Қазақстан тағы да Азия даму банкінен қарыз алғалы жатыр

Азия даму банкі Қазақстанға 908 млн 596 мың еуро көлемінде қарыз бермек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz хабарлады.

Аталған сома 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Министрдің айтуынша, қаражат COVID-19 пандемиясы салдарымен күресуге және экономиканы қайта тұрақтандыруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, қарызды кезең-кезеңімен бөліп төлеу қарастырылған.

«454 млн 298 мың еуро сомасындағы қарыздың бір бөлігі, яғни жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 10 жыл мерзімге беріледі. Қалған 454 млн 298 мың еуро сомасындағы қаржы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 5 жыл мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ +0,50% (EURIBOR)», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі қарыздың жалпы үстемесі 23 млн еуро болатынын айтты. Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қаржы министріне қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды тапсырды.

«Бұған дейін Үкіметтің 3 жылға арналған бюджетін қарастырдық. Ол жерде де коронавирус инфекциясымен күреске қаражат бағытталмақ. Енді қарыз аламыз. Бұл да пандемия салдарымен күреске жұмсалмақ. Мемлекеттік бюджетті және бүгінгі айтылған қарыздың қайда жұмсалатынын талқылаған кезде, барлығы жалпылама айтылады. Мұның барлығы мақсатты түрде жұмсалуы керек. Ақшаны оңды-солды шашуға болмайды. Сіз осыны бақылауда ұстаңыз», — деді Нұрлан Нығматулин.

Басқа материалдар

Back to top button