Басты жаңалықтарДенсаулық

Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», — делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, 5 тамызда бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің де екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Басқа материалдар

Back to top button