АЙМАҚБасты жаңалықтарОралӨҢІРЛЕР

Оралда азық-түлік тиелген автокеруен елордаға жол тартты

Оралдан елордада өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне қатысу үшін автокеруен жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашевтың айтуынша, жәрмеңке 12-13 қыркүйек күндері өтеді.

Батыс Қазақстан облысынан жәрмеңкеге 85 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатыспақшы.

Нұр-Сұлтан қаласына барлығы 92 тонна өнім жеткізілмекші. Атап айтқанда, елордалықтарға 30 тонна сиыр және жылқы еті, 15 тонна шұжық пен қалбыр өнімдері, 10 тонна балық, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 2 мың литр өсімдік майы мен 2 тонна сары май, 1 мың литр қымыз, 5 мың литр сусын, 50 мың данадай жұмыртқа, 5 кондитер өнімдері ұсынылмақшы.

Жәрмеңкеге облыстың барлық ауданынан кәсіпкерлер барып, қолжетімді бағамен экологиялық жағынан таза өнімдерін сөреге қоймақшы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 250 мың тоннаға жуық астық жиналғанын жазған едік.

 

Басқа материалдар

Back to top button