Қазақстанда төтенше жағдайлар министрлігі құрылды

Қазақстан пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төтенше жағдайлар министрлігі құрылды, деп хабарлады sputniknews.kz.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі берілсін», — делінген президенттің жарлығында.

Бұдан бөлек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Үкіметке президент әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігі, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасында штат санын қайта бөлу тапсырылды.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажеттігін айтқан болатын.

Бір пікір

  1. Общеизвестный поэт Володя Высоцкий распевал: «Так оставьте не нужные споры, я себе уже всё доказал, лучше гор могут быть только горы, на которых ещё на бывал». Для меня лично ожидание прочтения Ваших самых последних текстов таковое же волнующее мероприятие, как для Высоцкого перспектива поездки в горы.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*