Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 308 адамның жағдайы ауыр

Бүгінгі таңда еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 9 541 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың арасында 49 сәби бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр, 4 755 адам амбулаториялық ем алуда. Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады», -делінген хабарламада.

 

3 комментария

  1. Ваш вебсайт безупречно организован. Всякий раз в радость его почитать

  2. Виталий

    По завершении рабочего дня мы абсолютно всей компанией бежим за нотбук, для того, чтобы прочитать свежайшие анонсы с Вашего проекта.

  3. Спасибо большое за информацию

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*