АЙМАҚӨҢІРЛЕРТеректі ауданы

«НҰР» деген орталық ашылды

БҚО Теректі ауданы орталығында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ғимаратында аутизмге шалдыққан балаларды арнайы қолдауға арналған «Нұр» орталығы ашылды. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ауылдық үкіметтік емес ұйым және бастамашыл топтар үшін ұсынып отырған шағын грант байқауы шеңберінде жүзеге асты.
Салтанатты шараға облыс орталығынан келген «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлбаршын Мақсотқызының айтуынша, байқауға 28 жоба ұсынылып, оның 10-ы мақұлданған. Сол ондықтың ішінде Теректі ауданынан үш жоба бар.
Берілген 500 мың теңге қаражатқа ашылған «Нұр» орталығы аутизмге шалдықан балалар және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізеді. Бүгінгі таңда ауданда аутизмге шалдыққан 12 бала тіркелген.
Орталықтың ашылуына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жобаны қолға алып, жүзеге асыруға бекінген аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық –саяси газетінің тілшісі Аягөз Айтқалиеваның айтуынша, орталыққа 300 мың теңгеге ойыншықтар мен арнайы құрылғылар алынған. Ал қалған қаржыға монтессори методикасына арналған ойыншықтар Новосибирск қаласынан әкелінеді екен.
Орталықтың ашылу салтанаты аясында лента қию рәсімін Теректі ауданы әкімі Әділ Тауфиқұлы мен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлбаршын Мұштанова өткізді.
Одан соң психолог Алтынай Урбисинова орталықтағы аутист балаларға арналған ойыншықтармен таныстырды. Теректі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Дәметкен Умарғалиева сөз алып, «Нұр» орталығының жетекшісі Аягөз Айбарқызына алғыс хат табыстады.
Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Басқа материалдар

Back to top button