АЙМАҚБасты жаңалықтарВидеоҚоғамОралӨҢІРЛЕР

Анасының жаназасына көп адам жинағаны үшін полиция бастығының отбасына айыппұл салынды

Анасының жаназасына көп адам жиналғаны үшін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы мен оның туыстарына айыппұл салынды. 3 тамызда Ақтауда өткен 79 жастағы Бибіжамал Аблазимованың жерлеу рәсіміне келгендердің қарасы көп болған. Тіпті, қала ішіндегі жолды жапқан. Осы жағдайға байланысты марқұм кейуананың туыстарына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Ол 83 мың теңге шамасында. Айта кетейін, батысқазақстандық полиция басшысы Махсудхан Аблазимов бұрын Маңғыстау облысындағы департаментті басқарған болатын. Бірақ, соған қарамастан маңғыстаулықтар экс-әріптестерін жауапқа тартты. Ішкі істер министрлігі қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал марқұмның туыстары жерлеу кезінде барлық санитарлық талаптардың сақталғанын айтып, карантин тәртібін бұзғаны үшін әулеттің атынан кешірім сұрады.

Басқа материалдар

Back to top button