Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Ішкі істер министрі Түркістан облысы мен Сәтбаев қаласындағы жанжалға қатысты мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы  жанжалға қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. «Жас қызды» зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етті, жанжал шығарды», — деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

«Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», — деді министр.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. «Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — деді ол.

Бұдан бөлек, ішкі істер министрі Түркістан облысындағы оқиға бойынша мәлімет берді.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button