Аягөздегі дүлей дауыл: «Қазгидромет» ауа райының 16-сы емес, 17 маусымда бұзылатынын ескерткен (ВИДЕО)

16 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қатты дауыл соқты, — деп хабарлайды jurnalist.kz. Жергілікті тұрғындар дауыл салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштардың құлап жатқанын, сондай-ақ дүлей құйынды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жарыса жүктеді.  ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер қазір мамандар қаланың зардап шеккен аудандарына шыққанын және мәлімет жинап жатқанын хабарлауда. Қала тұрғындарының сөзінше, «Қазгидромет» аймақта ауа райы 16-сы емес, 17 маусым күні бұзылады деп ескерткен.
«17.06.2020 ShKO 20 m/s deiin zheldin uiytkuy. V VKO usileniye vetra s poryvami do 20 m/s».

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*