Басты жаңалықтар

Елжан Біртанов жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр

Елжан Біртанов бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавирусқа тапсырған соңғы тест нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын. Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді. Әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік, БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары» деп жазады еліміздің Денсаулық сақтау министрі.

Басқа материалдар

Back to top button