Алакөлде Ресей азаматын аю талап өлтірді

Алматы облысының Алакөл ауданында балық аулауға барған Ресей азаматын  жабайы аю талап өлтірді, деп хабарлайды     sputniknews.kz.

Ер адам достарымен бірге балық аулауға барып, борсықтың соңынан қуған. Ол жерде аюдың шабуылына тап болған

«1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы танысымен бірге Тентек көліне балық аулауға барған. Ер адам борсықты көріп қалып, тауға қарай соңынан қуған. Аздан соң оның айғайлаған дауысын естіп, таныстары көмекке барған. Олар дене жарақатын алған ер адамды тауып алған», — деді Алматы облысының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен азаматқа көмекке барғандар оқиға орнынан аюдың тауға қарай қашып бара жатқанын көрген.

Таныстарының алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанына қарамастан, ер адам көз жұмды.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*