Басты жаңалықтар

Әміржан Қосановтың айлық табысы қанша? (ВИДЕО)

Саясаткер бұл туралы журналист Нартай Аралбайұлымен онлайн сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды jurnalist.kz.

«Қоғамдық жұмыс, журналистика, қалам, әлеуметтік желі, ютуб ағартушылық жұмыспен айналысып жүрмін» деген Әміржан Қосанов өзін мемлекеттік қызмет пен бизнестен бас тартқанын айтады. «Мен бизнес ашсам билік шүйлігеді» деп сөзін сабақтаған ол айлық табысының шамамен қанша екенін айтты.

«Өзімнің күнімді көруге, үш баланы асырауға, ел қатарлы жүруге, мына 4 бөлмелі «Самалдағы» үйдің коммуналдық төлемдерін төлеуге және мамасына көмектесуге жарайды.  1 миллионнан аздау», — деді Әміржан Қосанов.

 

Басқа материалдар

Back to top button