Алдағы қыс пен көктем қандай болмақ?

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы қыс қатты суық болмақ.  Ішкі істер министрлігі осындай болжам жасап отыр. Бұл туралы sputniknews.kz жариялады.

-Ауа райын болжау қызметтерінің мәліметінше,  алдағы қыс қатты суық болады деген жорамал бар. Біз осы айтылғандарды негізге ала отырып,   қамданыс шараларын күшейтудеміз,- дейді  Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Әсіресе, желтоқсанда еліміздің солтүстігінде  орташа ауа температурасы жылдағыдан төмендейді деген болжам бар. Ал солтүстік-шығыс пен орталық Қазақстанда қыстың бірінші айы жауын-шашынды болмақ. Күннің күрт суытуы да байқалады.  Ал ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік — батыс бөлігінде салқындық болады.

Қазгидрометтің болжамынша, қыс қатты суық болғанымен көктем ерте келуі ықтимал. Бірақ жауын-шашынды болуы  ғажап емес. Ішкі істер вице-министрінің сөзінше, қазір тиісті құрылымдар мен құтқару қызметі  техникасы мен  керек-жарағын сайлап, аязды-боранды қысқа мұқият дайындалуда.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*