Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында жарылыс болып, төрт жұмысшы қаза тапты

Тағы екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр. Жантүршігерлік жағдай цехта тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде болған, деп хабарлайды jurnalist.kz «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап. Жұмысшылар «АХҚЗ» АҚ №4 цехындағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде қауіпсіздік техникасы бұзылғаны анықталды.

«Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс атқаруда»,- деді ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер денелері күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатқан екі жұмысшының да жағдайы ауыр екенін хабарлайды.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*