Басты жаңалықтар

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тексерістің нәтижелері белгілі болды

Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды http jurnalist.kz.

Қазіргі таңда қоғам белсендісінің өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталған.

«Ағаділ күдікті деп танылған болатын. Ол сыртқа шықпау туралы қолхат жазып беріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен жалтарылған, сол себепті Ағаділге іздеу салынды. Осыған байланысты сот оны қамау туралы үкім шығарған еді. Полиция қызметкерлері заң аясында тұтқындау амалдарын іске асырды. Сот шешімі орындалды. Жоғарғы дәрежелі кардиолог пен сот-сараптамалық шараларды атқарушы кәсіби мамандар өлімнің себептерін мұқият саралап шықты. Бұған қоса тексеріс комиссиясының құрамында марқұмның жақындары да болды», — делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура Ағаділдің қазасына себеп болған жағдайды атады.  «Ағаділ ауыр миокард талмасының салдарынан көз жұмған. Оның жүрегінде коронарлы артерия мен артериолдың қызметі нашарлағандықтан жүрек қарыншасында тромбтар түзіліп, қан айналымы бұзылған. Сарапшылар Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылықтың іздерін таппады», — деді прокуратура өкілдері.

 

Басқа материалдар

Back to top button