Басты жаңалықтарҚоғам

Енді еңбек кітапшасының қажеті болмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында  осындай жобаны таныстырды.  Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру  аясында еңбек келісімшарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі іске асырылмақ. Әзірге пилоттық жоба бір ғана облыста жүзеге асырылуда.

Министрдің сөзінше, жаңа жобаның тиімділігі көп. Бірыңғай  еңбек биржасында құжаттар электронды түрде тіркеліп, қағаз түріндегі еңбек кітапшасының қажеті болмайды. Жұмысшының профилі онлайн тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, министр жәрдемақы алу үшін жыл сайын мүгедектігін дәлелдеп жүретіндерге жеңілдік жасалатынын мәлімдеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар енді бұрынғыдай есіктерді жағаламай, онлайн жүйесі арқылы  өтініш білдіре алады.

-Мүгедекті анықтауға арналған өтінім электронды түрде egov.kz электронды үкімет порталы арқылы түседі. Аталған жүйе өтінім берушінің келіп қатысуын көздемейді. Яғни, өтінім сарапшылар арасында бөлінеді. Ал сарапшы дәрігерлер кімнің ісін қарап жатқандықтарын да білмейтін болады,- дейді Тамара Дүйсенова.

 

Басқа материалдар

Back to top button