Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада бір көшені өзгертуге 89 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қабанбай батыр даңғылын жөндеп, сегіз жолақты етіп өзгертуге 89 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ деп хабарлайды jurnalist.kz

Мұндай мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратты.  Жөндеу жұмыстары үш жылға созылады.

Қабанбай батыр даңғылының ұзындығы Салтанат сарайынан халықаралық әуежайға дейін 17,4 км құрайды. Маңызды көшені жаңарту кезінде үш жол айырық  (развязка) салынып, 8 жолаққа дейін кеңейтілмек. Қазір бұл даңғылда көлік жүруге арналған 4 жолақ бар.

Жобаға жауапты мердігер компаниялардың ішінде  China Xinxing Group Co., Ltd и ТОО «СП Сине Мидас Строй» бар. Алайда, әлеуметтік желіде кейбір мердігерлер туралы жағымсыз ақпараттар жазылуда.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button