АЙМАҚБасты жаңалықтарБілімЖәнібек ауданыӨҢІРЛЕР

Шалғай ауданда соңғы қоңырау соғылды (видео)

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ерекше соңғы қоңырау салтанаты  өтті, деп хабарлайды jurnalist.kz

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы, журналист Ерденбек Жылкайдарулы өзінің   парақшасына жариялады. 

«Жəнібек ауданында соңғы қоңырау соғылды. Карантинге байланысты білім ордаларында салтанатты шара өтпегенімен, əр оқушы қоңырау сыңғырын естіп, оқу жылының аяқталғанын сезінді. Арнайы безендірілген көліктер көше-көшемен жүріп өтті. Мектеп формасын киген балалар ауланың сыртында қоңырауды қарсы алып, қуанышты сезімге бөленді. Сол үшін де ұстаздарға, аудан басшылығына РЕСПЕКТ!!!» деп жазды пост авторы. 

Басқа материалдар

Back to top button