Жүк көлігі өтіп бара жатқанда көпір опырылып қалды (ВИДЕО)

Украинаның Днепропетровск облысындағы Каховское су қоймасы арқылы өтетін көпір жүк көлігі өтіп бара жатқанда құлады. Бұл туралы RT ақпарат таратты, деп хабарлайды  sn.kz

Дроннан түсірілген кадрларда құлаған көпірдің жиегіне жүк көлігінің тіркемесі салақтап, ілініп тұрғаны көрінеді. Жүк тиелген машинаның салмағы шамамен 36 тоннаны құрайды.

Жүргізуші зардап шеккен жоқ, сондықтан ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында жол қызметтерінің өкілдері жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептері анықталуда.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*