Құнанды қайтарды

БҚО Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылының тұрғыны полиция қызметіне хабарласып, құнан жылқысының ұрланғанын айтып, шағымданады. Ауданның полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні ұстады.

Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол құнанды сатып үлгерген. Жылқы басқа біреудің үйі аумағынан табылды. Полиция қызметкерлері жылқыны иесіне қайтарып береді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*