АЙМАҚБасты жаңалықтарДенсаулықОралӨҢІРЛЕР

Санитарлық ережені елемеген базарлар ашылмайды

Батыс Қазақстан облысында карантин режимі күшейгелі бері, базарлар мен басқа кәсіпкерлік нысандарында сауда тоқтағаны мәлім. Қызу сауданың қайта жүруін халық та, кәсіпкерлер де қалап отыр. Тағатсыздана күтіп жүргендердің де қарасы қалың.

Бірақ ТЖ-ға дейін базарларда санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталмағаны анықталған. Енді сауда нысандары карантиндегі шектеу кезеңін пайдаланып, санитарлық ережелерге қайшы барлық бұзушылықты түзеуі тиіс.

Күшейтілген карантин режимі тәмамдалғаннан кейін осы талапқа бағынбаған, қажет шараларды жүзеге асырмаған сауда үйлері мен базарлардың басшыларына жұмысын жалғастыруына рұқсат жоқ Сондықтан дүңгіршектерді және сауда орнын жалдап отырған жеке кәсіпкерлер де жалға берушілерден санитарлық талапты күшейтуді, соған байланысты жағдай жасауды талап еткені жөн. Санитарлық талапқа сай болмайынша, базарлар ашылмайды екен, қысқасы.

Оралдағы қаласында 21 базар, 11 супермаркет филиалдары, 653 азық-түлік дүкені бар. 16 сәуірден бастап, барлық базар 1 аптаға уақытша жабылды. Қазіргі уақытта азық-түлік саудасымен айналысатын дүкендер және супермаркеттер, көтерма сауда орындары қызметін жалғастыруда.
Н. Текебай

Басқа материалдар

Back to top button