АЙМАҚБасты жаңалықтарОралӨҢІРЛЕР

Қанша адамның коммуналдық қарызы өтеледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезінде тұрғындарға әлеуметтік тұрғыда қолдау жасалатынын жариялағаны мәлім. Жақында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантин режимі енгізілген өңірлерде белгілі бір әлеуметтік топтарға жататын азаматтардың абоненттік дербес шотына коммуналдық төлем үшін 15 мың теңге аударылатынын хабарлады. Батыс Қазақстан облысында 50 950 адамға коммуналдық қызмет төлемі үшін жеңілдік жасалады. Бұған 1 528 500 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат сәуір-мамыр айларында тұрғындардың дербес шотына аударылады.
Республика бойынша бұл бағытта 1,6 миллионнан астам абонентке қолдау көрсетілмек. Осы төлем үшін бас-аяғы 49 342 830 мың теңге қаражат бөлінеді. Ең көбі Түркістан облысы тұрғындарының қарызын өтеуге жұмсалады. Бұл жайында Azattyq rýhy порталы хабарлады.
Айта кетейік, 15 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем белгілі бір санаттар бойынша беріледі. Қазіргі кезде Орал қаласы бойынша call-орталық (109) нөмірі анықталып, коммуналдық қызметке қатысты тұрғындар жіберген деректерді қабылдайтын элктронды пошта қызметі (kom15000@yandex.kz) іске қосылды. Өңірдегі аудан әкімдіктері бұл бағытта ақпараттық жүйені жасақтауға кірісті.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Басқа материалдар

Back to top button