Басты жаңалықтарСаясат

Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайында тұрғандаймыз

Елордада өтіп жатқан Астана клубының үшінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайында тұрғандай іспетті екенін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады.

«Халықаралық терроризм апатты ауқымқа жетіп отыр. Ол үшін шекара жоқ. Бүгінде жер шарының кез келген нүктесі бүлдіргі күштің нысаны болуы ықтимал. Үшінші мыңжылдық басталғалы қаза болғандардың саны секілді терактілердің көлемі он есе артты. 2016 жылы терактілер 104 елде болды. Бұл өз кезегінде әлемнің жартысы деп айтуға болады. Географиясы мен ауқымы бойынша біз шартты түрде үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайында тұрғандаймыз, яғни террорға қарсы соғысқа қатысты», — деді Елбасы.

Осы орайда Президент терактілер дамушы елдерден дамыған елдерге қарай ауып бара жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының үшінші отырысы өтіп жатыр. «Форумның жұмысына Түркияның экс-презденті Абдолла Гүл, Чехияның экс-президенті Вацлав Клаус, Словенияның экс-президенті Данило Тюрк, сондай-ақ көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, әлемнің жетекші сарапшылары, белгілі саясаткерлер мен дипломаттар қатысуда.

Басқа материалдар

Back to top button