Астанадағы әртістер жалғызбасты қарияны қар құрсауынан құтқарды

Әзіл әлемінің майталманы Тұрсынбек Қабатовтан «Біз Біргеміз» челленджін қабылдаған елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұжымы  жалғыз басты кейуананың  үйінің аумағын қалың жауған қардан тазартты. Бұл бастама Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Волонтер жылына» қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Қ.Қуанышбаев театырының ұжымы бұл эстафетаны  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері мен «Қазақконцерт», «Астана Опера» театрының ұжымына жолдады.

#БізБіргеміз #BizBirgemiz

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*