Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында жергілікті кәсіпкердің отбасы қаза тапты.  Бұл туралы uralskweek.kz.   порталына сілтеме жасап  Azattyq Rýhy хабарлады.

Қаскөйлер қылмысын жасыру үшін үйді де өртемек болған.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйдің ішінен пышақ жарақаты бар үш адамның мәйітін тапты. Қаскөйлер Запрометовтер отбасын өлтіріп, өртеп жібермек болған.

Үш кісінің өлімі 15 қаңтарға қараған түні белгілі болды. Өрт сөндірушілер 22:40-та ауылдың шетінде Запрометовтер отбасы тұратын үйден шыққан өртті сөндіруге келген. Үйдің төбесі өртенген. Өрт сөндіру кезінде үш мәйіт табылды.

Қайғылы оқиғадан 66 жастағы Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина және олардың 42 жасар ұлы көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде.

Александр Запрометов бұрын «Янайкино» совхозының директоры болған. Совхоз тарағаннан кейін мал шаруашылығымен және жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*