Оралда бұрын-соңды болмаған форум өтуде

Орал қаласында 11-12 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін іске асырудағы кластерлік тәсіл» атты халықаралық форум өтуде. Аталмыш шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау арқылы ішкі және кірмелік туризмін дамыту.

Форумға Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомстволары мен қоғамдық ұйымдары, балалар туристік ұйымдары, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары, БАҚ және балалар туризмі проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Ресей Федерациясының қосымша білім беру ұйымының өкілдері мен ЖОО ғалымдары қатысуда.

Форумның плеанарлық отырысы ТEDx форматта бүгін өтсе, форум жұмысы танымдық-экскурсиялық бағдарламамен теориялық-практикалық және көшпелі семинар-практикуммен жалғасатын болады.

Халықаралық форумның негізі Қазақстандағы туризмнің дамуының негізгі мақсаты заманауи бəсекеге қабілетті туризм саласында туристік кешен қалыптастыру. Ішкі туризм саласында туристік кластердің сапалы қызмет атқаруының тиімді факторы – балалар туризмінің дамуы. Қазақстандық туризмді дамытуға арналған ТОП – 50 туристік нысандардың құрамына енген – Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау мақсатында өтуде.

Бүгінгі таңда облыста 14 балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары мен станциялары жұмыс атқарады. Орталықтар қызметімен облыс оқушыларының 12% қамтылып отыр. Балаларға туристік-өлкетану қызметі арқылы  үздіксіз білім мен тәрбие берудің толыққанды жүйесі құрылды. Ресей Федерациясы және басқа да шетелдердің балалар ұйымдарымен халықаралық конференциялар мен іс-шаралар өткізуде тәжірибе жинақталып, халықаралық байланыстар қалыптасты.

Республикалық туризмді дамыту мәселелерін талқылауға форум қонақтарының тікелей қатысуын көздейтін шеберлік-сыныптар өтіп, аталған шеберлік-сыныптар дискуссиялық алаң түрінде өтеді. Батыс Қазақстан облысының туризм орталықтарының іс-тәжірибесі экскурсиялық-танымдық бағдарламалармен таныстырылады. Орал қаласында балалар туризмінің дамуы мектепке дейінгі ұйымдарда шеберлік сыныптар арқылы көрсетіледі. Аталмыш шара аясында Бәйтерек ауданында жас туристер станциясына экскурсия барысында ауданның көрікті жерлерімен және туристік ресурстарымен танысады деп жоспарлануда.

Екі күнге созылатын форум форумның алғашқы күні «Туристік кластер – балалар туризмі: мәселелері мен перспективалары» тақырыбында көрме көрсетілді. Көрме жұмысында Батыс Қазақстан облысының  аудандарында  (қала) туристік ресурстарының ерекшеліктері мен балалар туризмінің жетістіктерімен қатар «Хрустальды шоқыр», БҚО интерактивтік білімдік өлкетану картасы, БҚО сакралды орындарының 3D картасы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің, балалар туризмінің фото көрмелері мен «Орал өңіріндегі балалар туризмі сыр шертеді» фильмі көрсетілді. «Туристік-өлкетану қызметінің әдістемесі» кітабының презентациясы  жасалды.

Форумды ашқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаев:«Саналы ұрпақты тәрбиелеуде қазақстандықтардың бірлігі мендостығына, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығына, туған жерге, отанға сүйіспеншілік пен өлкетануға ерекше мән беріледі.Орал өңіріндегі халықаралық Форум – балалар мен жасөспірімдердің,жастардың тәрбиесіндегі туризм мен өлкетанудың рөлі жайында сөз қозғайды, сонымен қатар, оқушылар мен жастарға білімдерін, патриоттық сезімдерін, белсенді азаматтық позицияларын және ынтамақтастығын көрсетуге мүмкіндік береді.Республика бойынша облысымыздың балалар туризмі үздіктер қатарында. ТМД елдері арасында – үштіктен орын алып отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы ТОП 50 туристік нысандардың ішіндегі ТОП 10 (ондыққа) туристік кластер ретінде енгізілді.Орал өңірінің балалар туризмі – Қазақстандағы туристік-өлкетану,экологиялық, спорттық бағдарлау, экскурсия бағыттарын  жетік меңгерген ірі кешен болып есептеледі. Ішкі туризмді дамыту мәселесінде балалар туризмі кластерлік тәсіл ретінде қарастырылады.Туристік-өлкетану  қызметі  ұлттық мәдениеттерді өзара байытуға, ТМД-і елдері арасындағы байланысты дамыту және нығайтуға жаңа мүмкіндік берері сөзсіз» деп атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форумның пленарлық мәжілісінде А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану халықаралық академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы Дмитрий Смирнов,  «Тұран – Астана» университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Евгений Никитинский,  Орынбор қалалық кеңесінің депутаты Елена Иванова,  ҚР балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі республикалық қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов, Қырым инженерлік-педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Абжемиль Абдулхаиров, «Тұран» университеті Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры, педагогика ғылымының доктары, профессор, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Вуколов, Татарстан Республикасының Республикалық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ранис Идрисов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, «Қазақ Сақ» компаниясының директоры Орденбек Мазбаев сынды спикерлер сөз алып, отандық туризмді дамыту, балалар мен жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау бағытында ойларын ортаға салса, аталған форумның құрметті қонақтарының қатарында  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасеноко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Шафхат Өтемісов және Ресей елінен келген  өлкетанушы-ғалымдар бар.

Осы жылдың 24 тамызында  «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығында өткен «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жуырда 9 миллионға дейін турист келе алатынын мәлімдеген болатын. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар екендігін де атап өткен болатын. Осындай бірегей орындармен балалар мен жас өспірімдерді таныстырып, насихаттау, тарихына үңілдіру арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа  тәрбиелеуде  маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

 

Фото: Рафхат Халелов

Бір пікір

  1. До какого времени?

    ——
    croatia sailing charter

Жауап жазу Edwardfoono Қайтып алу

email адресіңіз жарияланбайды *

*