Басты жаңалықтарЭкономика

Енді қазақ жылқылары жаппай Қытайға экспортталмақ

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың сөзінше, бұдан былай Қытайға тек асыл түлік емес, қарапайым жылқыларда жөнелтіледі. Жуырда осындай келісім жасалған.

Министрдің сөзінше, елімізде ет бағасының қымбаттауына экспорттың ешқандай әсері жоқ. Бағаның көтерілуіне  арадағы делдалдар себеп болып отыр, дейді Асқар Мырзахметов. Экспорт туралы сыбысты естігендер, соның есебінен пайдаға кенелгісі келеді екен.

Шын мәнінде, әлі Қытайға экспортқа ет жіберілген жоқ. Тек келісімдер ғана жасалған. Сондықтан бағаның көтерілуі елде еттің тапшылығынан емес, деп сендірді А.Мырзахметов.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, мәселені шешуге  ең алдымен әкімдер атсалысуы тиіс. Тұрақтандыру қорларының жұмысы арқылы бағаны ұстап тұруға байланысты шараларды қолға алу керек.  Әсіресе, тауар өндірушілерге өз өнімін ешқандай делдалсыз тікелей сауда орынына шығаратын мүмкіндіктер жасалуы  қажет, дейді ол.

Басқа материалдар

Back to top button