АЙМАҚБасты жаңалықтарДенсаулықОралӨҢІРЛЕР

Науқасты көтерген күзетшілердің әрекеті оралдықтардың жағасын ұстатты (видео)

Орал қаласында екі күзетшінің науқасты көтеріп бара жатқан видеосы тұрғандарды шошытты. Айтуларынша, оларға дәрігер тарсырма берген. Бейнежазбаны қоғам белсендісі Айболат Букенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  Көп кешікпей бұл мәселеге облыстық денсаулық сақтау басқармасы араласып, аурухана мамандары түсініктеме жасады. Дәрігер Аманжол Берікұлының сөзінше, бүгін ауруханаға түскен науқастар қатары өте көп болған. Үлгере алмай жатқан  соң, ол ем алушылардың бірін келесі ғимаратқа жеткізу үшін күзетшілерден көмек сұраған. Алайда, жаңадан келген қауіпсіздік қызметкерлері корпусты шатастырып, оны ауланың сыртымен алып бармақ болған.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button