Басты жаңалықтарВидеоҚоғамСаясат

Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жұмысына сын айтты

Қожайыны жоқ қала! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың ғимараттарын сынға алып, аудан әкімдеріне шүйлікті. Ол атқамінерлерге кабинетте уақыт өткізбей, ала көшелерін жаяу аралауды тапсырды. Сондай — ақ, шаһардағы құрылысы тоқтаған жерүсті метросы жобасының ұзындығына да көңілі толмаған мемлекет басшысы, мұндай қатынас құралының қажеті шамалы дегенді алға тартты. Бас қаланың даму көрсеткіші мен атқарылған жұмыстарға баға берген Президент сөзбен емес, іспен дәлелдеңдер деді әкім Алтай Көлгіновтың аппаратына. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне келетін күні, бүгін күн де керемет, ауа-райы тамылжып тұр. Бірақ, мына әкімдік ғимаратының ішінде ондай көңіл Һ-күй жоқ. Өйткені, Президент Алтай Көлгіновтің есебін тыңдап болған, Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі келбетіне қатысты біраз сын айтты».

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:» Совещания мы проводим очень креативно. Посмотрите, какая неудачная рассадка сегодня, докладчики стоят спиной к исполнителю. Хорошо, если докладчик женщина, а если мужчина – это же ужасно просто. От всего этого надо избавляться, от этой мишуры».

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиынға шақырылғандардың отырыстарының өзі ұнамады. Орынсыз креатив деп кесіп айтты. Қатысушыларға арқасын беріп баяндама оқыған  Президенттің көмекшісі Аида Балаева әлеуметтік желідегі елордалықтардың Нұр-Сұлтан туралы не жазып жатқандарын  жайып салды.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ:»Қаладағы қисық орналасқан шамдарды, жарылып жатқан асфальтты, қурап жатқан тал теректі байқау үшін аса бір құрылысшы, сарапшы болудың қажеті жоқ. Тұрғындар осының бәрін фото, видеоға түсіріп, түрлі пікір айтып әлеуметтік желіге салып жатыр».

Астана болғалы, 20 жылдың ішінде қала халқы 280 мыңнан 1 млн 100 мың адамға жеткен. Тиісінше проблема да солай. 14 мектепте 1 класта 40 баладан оқып жатыр. 8 мектеп 3 ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр. 85 мыңдай бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Нұр-Сұлтанға 4 айға жуық әкім болған Көлгінов мырза  ештеңені жасырмады.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:«Халық санының қарқынды өсуі алдымызға бірқатар маңызды міндетті қойып отыр. Атап айтқанда — әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ түсу, қаланың шетіндегі елді мекендерді дамыту, сапалы жұмыс орнына деген қажеттілк және басқалары. Тұрғын үй мәселесіне келсек, қолжетімді баспана басты мәселе болып отыр. Жүргізілген сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының тең жартысы баспананы негізгі мәселе».

Астанадағы жыр болған жерүсті метросының құрылысы  да талқыланды бүгін. Даулы жоба іске қосылатын болды. Басқа амал жоқ. Халықаралық міндеттемелер бар. Қыруар қаржы жұмсалып қойды. Жобаға жауапты адамдар қашып кеткенімен, оның құжатына қол қойған Көлгіновке дейінгі әкімдерде жауапты дейді Мемлекет басшысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл  агенттігіне тергеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:»Протяженность LRT — 22,5 километра. Запланировали 18 станций.Слушайте, вы на соревнованиях по марафону здесь в столице бегаете больше, чем 22 километра. А для чего тогда строить LRТ»

Елодалықтардың 40 пайызының  медициналық қызметтің сапасына көңілі толмайды.  Тіпті, 60 жыл бойы жөндеу көрмеген, құлағалы тұрған  аурухана бар.   Алайда,  залдағы кейбір шенеуніктер айтылып жатқан мәселеден бейхабар отырады екен. Мәселен, Сарыарқа ауданының әкімі Президенттің тозығы жеткен аурухананың құрылысына қатысты сұрағын түсінбей,  басқа бір жауап айтып абдырады.  Мемлекет басшысы астанадағы азық-түлік тым қымбаттығына да назар аударып, тиісті тапсырма берді. Жылу қазандығы, кәріз жүйесі, күл-қоқыс полигоны, құрылыстардың сапасы, қаланың сәулетіне де тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:»И самое главное — нет уюта. Плитки летят, асфальт трескается, зелени мало и вообще нет такого ощущения что за городом внимательно следят. За городом ухаживают. Вот нет такого ощущения. Нет хозяина. Мы научились хорошо делать презентации, лазерными указками показываем на объекты..».

Бүгінгі жиында Көлгіновпен қоса кейбір министрлерде орнынан тұруға мәжбүр болды. Айтылған сын, берілген тапсырмалардың нәтижесінде де Президент өзі бақылап отырамын деді. Айтпақшы, астанадағы бірнеше рет өртенген, ең биік нысан Әбу-Дабидің құрылысы да көп кешікпей аяқталады екен.

«К концу года завершится отель Sheraton и Абу-Даби молл. А само здание, высотное здание на следующий год».

Басқа материалдар

Back to top button