АЙМАҚБасты жаңалықтарБөкей ордасы ауданыОралӨҢІРЛЕР

Бөкей Ордада қылмыс көбейіп барады

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында мал ұрлығы мен қылмыс көбейіп барады екен. Аудан әкімдігінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында бірқатар саланың тоғыз айдағы жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы Орда Жұлдызы газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Халыққа қызмет көрсету орталығы биылғы тоғыз айда 10 144 құжат қабылданып, 621 мемлекеттік қызмет ұсынылған. “Connection Point” арқылы 12 875 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Аудан бойынша   9 айда 109 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға өскен. Мал ұрлығы 11 фактіден 33-ке өскен. Пәтер тонау, бұзақылық, мас күйінде жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті мерзіміне қарағанда едәуір артқан. Із-түссіз жоғалған Марат Құспановтың төрт жылдан бері табылмауы АІІБ жұмысын ілгерілетпей тұр.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Кариннің жайылымды басқару мен пайдалану жоспары кеңес талқысына ұсынды.

Басқа материалдар

Back to top button