Басты жаңалықтарБілімДенсаулықҚоғамСаясат

«100 жаңа есім» жобасына анкета қабылдау басталды

«100 жаңа есім» жобасы тағы басталды. Қазан айының  1-і мен 20-сы аралығында анкеталар қабылданып, 5-қарашада онлайн дауыс беру басталады. Бұл туралы «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы   Кемельбек Ойшыбаев желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандықтар осы жобаға лайықты азаматтардың анкеталарын  100janaesim.ruh.kz сайты арқылы ұсына алады. «100 жаңа есім» биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

«Желтоқсан айында жеңімпаздарды анықтаймыз. Егер де лайықты деп тапқан адамдарыңыз болса, ұсынуларыңызға болады. Анкеталарды ертеңнен бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында толтыруға болады. Анкета толтыру, дауыс беру процесстері баршаға түсінікті етіп жасалды, іріктеудің әділ өту үшін барлық шаралар қарастырылды. Толықтай ережелермен сайтта таныса аласыздар»-деп жазылған  Кемелбек Ойшыбаевтың парақшасында. 

Басқа материалдар

Back to top button