Батыс Қазақстанда көлдер кеуіп, мал батпаққа батып жатыр (видео)

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында өзен, көлдер кеуіп, ел-жұрт су тапшылығының зардабын тартуда. Әсіресе, мал өсіру қиындап барады екен. Бұл туралы қоғам белсендісі Айболат Букенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Айболат Букенов 

«Жаңақала ауданының айналасы өзен көлге толы. Ал бүгінгі күні сол өзен көлдің суы азайып, кеуіп бара жатырғаны жұртты алаңдатады. Бұрын сол өзен көлдерде неше түрлі құстар қиқулап, балықтар секіріп, жағасында адамдар лық толы шомылып жүруші еді. Әсіресе Көпжасарға шыға берістегі көпірдің төрт құбырына симай атқылаған суы мен балығы қандай еді шіркін. Қазір соның барлығы аңызға айналып, жұрт шомылып балық аулар емес, малын жаяр суға зәру болуда.
Соған орай БҚО басшысы Ғали Нәжімиденұлына, жоғарыда отырған депутат сенатор аға-апаларымыз Нариман Төреғалиұлы, Шафхат Өтемісов, Снежанна Имашева және т.б. өтініш. Білеміз, тек Жаңақала мен т.б. ауылдардан бөлек Жайықта да су аз екенін. Дегенмен бұл бүгінгі таңда ел-жұртты мазалап отырған ең маңызды мәселе боп тұр. Ауылдағы ағайынның Жаңақалалықтардың шаруашылықтарының негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Ал малға сусыз қиын екені бәріне белгілі. Мынау жоғарыдағы бейнетаспа осы Жаңақаладағы малшылардың мал бағатын орны. Малдарға обал, балшыққа батып жатыр. Енді екі үш жыл тағы су келмесе, қалған өзен көлдерден де айырылып қалу қаупі бар.
Кедедендік одақ, Евразиялық одақ, т.т. көптеген біз кірген одақ дегендері бар емес пе? Жайық өзеніне келер, Оралға құяр жерлерге су қоймаларын салып су жібермей отырғанынан халқымыз осындай жағдайға жетіп отырған жоқпа?! Неге осындай маңызды мәселелерді қозғамайсыздар? Кір дегенге кіре беретін, түк пайдасы жоқ одақтарыңнан не пайда? Соны ойлаңыздаршы!!!»

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*