Басты жаңалықтарҚоғам

Алтай Көлгінов қол астындағылардың сөзін жоққа шығарды

Жыл басында Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов   56 млн теңгеге  қызметтік көлік мінді деген ақпарат тараған. Артынша  облыс басшысының баспасөз хатшысы  әкімдіктің ешқандай көлік сатып алмағанын, тек қана жеке кәсіпкерден «Audi 8L» маркалы машинаны ай сайын 50 мың теңгеге жалға алып отырғанын мәлімдеген.

Алайда, кеше Астанаға келіп   брифинг өткізген  облыс әкімі Алтай Көлгіновтің   қызметтік көлігіне байланысты айтқан жауабы баспасөз қызметі берген деректермен сәйкес келмеді.

Әкім құны 56 млн теңге тұратын неміс көлігін ай сайын 50 мың емес, 250 мың теңгеге жалдап отыр екен.

«Менде бюджет қаржысына сатып алынған қызметтік көлік жоқ. Қаржыны үнемдеу мақсатында біз оны жалға алып отырмыз.  Неміс көлігін ай сайын 250 мың теңгеге жалдап отырмын. 40-50 млн-ға машина алғанша, ай сайын жалдаған тиімді. Бірақ келесі жылы жаңа машина сатып аламыз. KIA-ға тапсырыс бердік», дейді Алтай Көлгінов.

Ал жақында Астана қаласының әкімдігі 55 млн теңгеге көлік сатып алғаны туралы әңгіме таралған-ды.

Басқа материалдар

Back to top button