ӘлемБасты жаңалықтарВидеоСаясат

Президент көмекшісі: «Құдайдың алдына барсаңыздарда көршімен қалай тұрдың деген сауал қояды» (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барған мемлекеттік сапары барысында осы елдің түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының көрші елге сапарының алдында Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұраған болатын. Перзенті үшін шырылдаған ананың өтінішін Президент жерге қалдырмай, аспанасты елі билігінің алдында мәселе қозғаған.

МҰРАТ НҰРТІЛЕУОВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ:«Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Мемлекет басшысы өз тарапынан  бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы тармақ ретін енгізіледі».

Еске сала кетейік, контрабандалық жолмен есірткі тасыды деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдан бері Қытайда қамауда отыр. Жалпы, сапар барысында екі елдің ынтымақтастығын, саяси-экономикалық қарым-қатынасын арттыратын бірқатар келісімдер жасалған. Қазақстан мен Қытай басшылары 10 маңызды құжатқа қол қойған. Брифинге қоғамдағы, әлеуметтік желіде жиі талқыланып жатқан қазақ-қытай қарым-қатынасына қатысты алып-қашпа әңгімелерде сөз болды.

МҰРАТ НҰРТІЛЕУОВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ: «Адам досты өзі табады, жауды өзі табады. Ал көршіні Құдай береді. Құдайдың алдына барсаңыздарда көршімен қалай тұрдың деген сауал қояды. Біз 28 жыл тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның жан жағында тұрған елдермен достық, өзара сенім, әріптестік қатынастарды дамыта білдік».

Басқа материалдар

Back to top button