Нығматулин жаңа депутат Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады

Мәжіліс төрағасы әртісті депутаттар қатарына қосылуымен құттықтаған болатын. Алайда, Нұрлан Әлімжанов орнынан тұрған жоқ. Нұрлан Нығматулин оған  ескерту жасады. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Қайда Нұрлан? Тұру керек. Ал біз саған қол шапалақтаймыз. Отыр», — деді Нығматулин.  Осыдан кейін Нұрлан Әлімжанов ант берді.

 

Танымал актер әрі әнші, «Елбасы жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов жақында депутат мандатын алған еді. Алайда ол мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатысқан жоқ. Оның себебін білу үшін өзіне хабарласқанымызда бір аптадан соң жауап бере алатынын айтқан болатын.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*