АЙМАҚБасты жаңалықтарМәдениетОралӨҢІРЛЕР

Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшкелі жатыр

Әнші Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшкелі жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Г.Әлібектің айтуынша, ұлы Ержан бес жыл бойы Игорь Крутойдың академиясында оқиды. «Осы мерзімге біз де Мәскеуде тұратын боламыз. Бұйырса, бүгін түнде ұшамыз. Ержан академиямен қатар орта мектептегі сабағын жалғастыратын болады. Қазір ол Евровидение байқауына дайындалып жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Гүлмира Әлібек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысатыны жазылған болатын.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button