Батыс Қазақстанда трактор өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында трактор өртеніп кетті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 тамыз күні сағат 22.25-те болды. Чапаев-Жалпақтал жолының 142-шақырымында трактор өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Жүріп келе жатқан «МТЗ-80» тракторының мотор бөлігі жанған. Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника барды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын өрттен 100-ден астам малдың қырылып қалғанын жазған болатынбыз.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*