Батыс Қазқстанда қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы zhaikuni.kz хабарлады. 

Ұрлық оқиғалары Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала аудандарында болған. Қылмыстық топ облыстық Полиция департаментінің жедел бөлімшелері мен Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел-іздестіру шаралары кезінде анықталды.

Ұрлықшылар 13 бас малды ұрлаған. Оның сегізі қой, үшеуі – ірі қара, екеуі – жылқы. Ұсталған азаматтар Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық аудандарының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 188-бабы (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің күшімен облыстың үш тұрғынынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар Жаңақала және Бөкейорда аудандары аумағында 13 мал ұрлығы фактісін жасаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталуға тәмам.

Айта кету керек, биылғы жылы арнаулы және жедел іздестіру шаралары кезінде облыс аумағында мал ұрлығын жасағаны үшін 87 адам мен 13 қылмыстық топ құрықталды.

 

jurnalist.kz

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*