Батыс Қазақстан облысының әкімі жерлестерін өзен жағасына шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жерлестерін #Birge #TazaQazaqstanреспубликалық экологиялық акциясын қолдауға шақырды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Құрметті өңір тұрғындары!
Облысымыздың табиғаты өте әдемі, ал өңіріміз еліміздегі экологиялық жағынан таза аймақтардың бірі екені баршаға мәлім. Туған өлкеміздің осындай жақсы күйде болуы өзімізге байланысты. 
Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған #Birge #TazaQazaqstanреспубликалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында өңіріміздің барлық тұрғындарын сенбі күні, 27 шілдеде өтетін тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Шара аясында 
Жайық, Сарыөзен мен Қараөзен, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Шалқар, Еділсор көлдерінің жағалауларын тұрмыстық және басқа да қоқыстардан тазартылады. Бұл игі шараларымыз апта сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.
Біздің ортақ міндетіміз – туған өлкеміздің сұлулығын таза сақтау, азаматтардың бойында өз ауласын, көшесін, ауылын, қаласын таза ұстауға шақыру, жастардың бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғат – біздің туған және ортақ үйіміз, ол жайлы да таза тұруы шарт. Сондықтан экологиялық тазарту жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға бірге атсалысып, табиғатымызды аялайық! Тек жұмылып еңбектенсек қана біз туған өлкемізді көркейте аламыз!

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*